• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

ЖАДЫНАМА

Сыбайлас жемқорлық -  мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тәртіптік, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 6 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық қызметі, кеден қызметі, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтаған жағдайда азаматтардың

іс-әрекет тәртібі

Сыбайлас жемқорлық фактісін анықтаған жағдайда азаматтарға жоғарыда көрсетілген органдарға жазбаша өтінішпен жолығу керек, өтініште аталмыш факт туралы жағдайды толық баяндау керек.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12 баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
    Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
      Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың 12 баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

Лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, сонымен бірге алу да қылмыс болып саналады, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311, 312 баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.

    Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің  313 бабы бойынша парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келiсiмге қол жеткiзуге немесе iске асыруға жәрдемдесу -
      жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
      бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не алты жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы