• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Өзекті сұхбат: Әдеп нормаларын сақтау –мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратын құру бойынша 12-нші қадамын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітілді және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

2017 жылғы қазан айынан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл лауазымында Асылбекова Сандуғаш Сәбетқызы қызмет етуде.

- Сандуғаш Сәбетқызы, әдеп жөніндегі уәкіл лауазымының маңыздылығы туралы айтып берсеңіз.

-  Бүгінгі күні мінез-құлық стандарты жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, бізден, яғни, мемлекеттік қызметшілерден мінез-құлқында жоғары жауапкершілікті және  өзін-өзі бақылауды талап етеді.

 Мемлекет башысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясында өте жоғары этика және кәсібилік – тиімді мемлекетті құрудың кілті болып табылатындығын атап өткен болатын.

Осыған байланысты, жаңа әдеп жөніндегі уәкіл институтын енгізу сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мүдделер қайшылығына байланысты тәуекелдерді азайтуға және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шара  болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі нормаларын сақтауын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамалар  бұзушылығының алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкілдер тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілермен қызмет әдебін, қолданыстағы заңнамалармен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясына әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультативтік көмек көрсету де енеді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, ұжымда  жалпы қабылданған  моральдық-этикалық нормаларға сәйкес мәдени қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оның құқығын қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратына  әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді. Қала мен аудандарда әдеп жөніндегі уәкіл функциясы ұжымда құрмет пен беделге ие  мемлекеттік қызметші қатарындағы басшылардың біріне жүктеледі.

Облыс бойынша өз қызметін 21 әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асыруда.

- Этикалық бұзушылықтардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданған?

 - Қойылған міндеттерді орындау мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мәселен, бүгінгі күнге дейін қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша 60-тан астам түсіндіру іс-шаралары өткізілді.  

Қарағанды, Шахтинск, Саран, Балқаш, Приозерск, Теміртау қалалары, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Шет аудандары әкімдіктерінің қызметкерлеріне арналған кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылды. 

Жыл басынан бастап  мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру бойынша 20-дан астам семинарлар мен дәрістер өткізілді. Облыс аймақтарына, соның ішінде ауылдық елді мекендерге 11 рет шығып, шығу барысында мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізілді,  өтініш білдірген азаматтарға консультативтік көмек көрсетілді.

Жалпы жыл басынан 200-ге жуық мемлекеттік қызметші мен жеке тұлғаларға жеке консультативтік көмек көрсетілді. Ауылдық аймақтарға шығуымды есепке алғанда, 24 рет азаматтарды жеке қабылдауды өткіздім.

Бүгінгі таңда әдеп жөніндегі уәкілдің қарастыруына жеке және азаматтық тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне шағымданған  35 өтініш түсті.  Қарастыру нәтижесінде өтініш білдірген 4 азаматтық тұлғаның бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілердің шектеулер мен тыйымдарды сақтауы, қызметтік автокөліктерді орынды және тиімді пайдалануы бойынша алдын алу шаралары өткізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі бағыттарының бірі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргізу болып табылады.

Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуал, әріптестер арасында тілектестік қарым-қатынас әр мемлекеттік қызметшінің жұмысына жағымды ықпал етіп, нәтижесінде мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі артатыны құпия емес.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік  қызметшілері арасында анонимді сауалнама өткізілді.

Сауалнама қорытындысы ұжымдардағы жалпы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты екенін көрсетті. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерінің сыпайылығы мен әдептілігін, тікелей басшыларының әділдігін, басшыларының ұжымда тек қана іскери қарым-қатынас құруға ұмтылатындығын атап көрсеткен, тікелей басшыларына сенім артатындарын білдірткен. 

Жасырын сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшыларына ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар мен кеңестер дайындалып жіберілді.

  •  Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің қандай нормалары жиі бұзылады?
  •  Жиірек мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы стандарттарын бұзушылық жағдайлары кездеседі.

Бұл – қызмет тәртібін сақтамау, өз қызметтік міндеттерін сапасыз орындау, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшінің әрекеті мен мінез-құлқының сынға түсу.

Ағымдағы жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарында тәртіптік практиканың талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесі мемлекеттік қызметшілер көбіне лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін уақтылы қарастырмағаны, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету т.б. салаларда процедуралық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын көрсетті. 

Осыған байланысты, жүйелі негізде қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, оқыту, мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шаралардың сапасын көтеруге арналған шаралар қабылдануда.

- Егер азамат мемлекеттік қызметші тарапынан этикаға жатпайтын мінез-құлыққа тап болса, ол қайда бару керек?

Қызметтік әдеп нормалары бұзушылығының фактілері туындаған жағдайда  азамат жазбаша немесе ауызша түрде Қарағанды облысының әдеп жөніндегі уәкіліне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне өтініш білдіре алады.

Сонымен қатар, «Facebook» әлеуметтік жүйесінде «Қарағанды облысының әдеп жөніндегі уәкілі»  парақшасы  құрылған, оған да мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасын бұзу фактілері туралы жазуға болады. Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында облыстың қалалары мен аудандарындағы барлық әдеп жөніндегі уәкілдердің байланыс деректері жарияланған.

  • Сіздің жеке қабылдауыңызға қалай жазылуға болады?

Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі күні сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін, облыс әкімдігінің ғимаратында 519 кабинетте жүргізіледі.

 Қажет болған жағдайда қабылдауды мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға ыңғайлы кез-келген күні жүргізуге болады, сонымен қатар телефон арқылы да байланысуға болады. Байланыс деректері: ж.т.8 (7212) 501522 (ішкі 6733), эл.пошта: s.asylbekova@karaganda-region.gov.kz

Қорытындылай келе, барлық мемлекеттік қызметшілер үлкен жауапкершілікті сезініп, Әдеп кодексімен бекітілген талаптардың бұзылуына жол бермеулері қажет екендігін атап айтқым келеді.

 

 

 

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы