• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Әкімнің орынбасарлары

Описание: C:\Users\BeisenbaevaA\Desktop\Абдакаликов.jpg

Әбдақалықов Сәтпек Мәулітбекұлы – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары. 1976 жылдың 19 наурызында Қарағанды қаласында дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Екі жоғарғы білімі бар. 1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ақпараттық жүйелер бойынша инженер мамандығын бітірді.2005 жылы Қарағанды «Болашақ»  актуальді білім институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласында ҚР МН НН физиология және гигиена институтының өнеркәсіптік гигиена лабороториясының инженер – программисті болып бастады. 1999 жылдың жылдың тамызында мемлекеттік қызметке түсті, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының аймақтық  бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарды. 2002 жылдан 2004 жыл бойынша Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппараты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2004 жылдын 2005 жыл бойынша Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005-2010 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жыл аралығында «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2017 жылдың  23 тамызынан бастап Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

                Үйленген, ұл баласы бар.

 

 

 

 

Бұлқайыр Дарын Бейбітұлы – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары.

1990 жылдың 14 сәуірде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туды.

Ұлты – қазақ.

Үш жоғары білімі бар.  

2011 жылы Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

2015 жылы ЖМ Қарағанды «Болашақ» университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.

2019 жылы Қазақ теміржол университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2008 жылы Балқаш қаласында Ішкі істер бөлімінің полицейский болып бастады. 

2010 жылдан 2011 жыл бойынша «Қарағанды қаласының қала сәулет кадастрлық орталығы» КММ жетекші маман болып жұмыс істеді.

2012 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке түсті Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2013 - 2015 жылдар аралығында Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, одан кейін басшының орынбасары болып қызмет атқарды.

2015 - 2017 жылдар аралығында Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынының бас маман-заңгері, бюджетті орындау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы " ММ Мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

2017 жылдың 19 маусымынан бастап Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген, екі қыз баласы бар.

 

Жайназаров Берекет Жанабилович – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік салалар мәселелері бойынша орынбасары. 1966 жылдың 5 желтоқсанында Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Жоғарғы білімі бар. 1994 жылы .А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1994 жылы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бақылаушы ревизор болып бастады. 1997-1998 жылдары Қызылорда облыстық қазынашылық департаментінің аумақтық бөлімінде бас қазынашылық қызметін атқарды.  1998 жылы Октябрь аудандық қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметіне қабылданды. 2008-2014 жылдар аралығында Қарағанды ​​облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Октябрь аудандық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2014 жылдың желтоқсанында «КарТЭК 2011» ЖШС директорының орынбасары, 2015 жылдың қаңтар-маусым аралығында «Альтера 2010» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылдың қазан айында «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды. 2020 жылдың 24 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік салалар мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген, 2 баласы бар.

 

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы