• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Мемлекеттік мекеменің Ережесі

13.07.2016 ж.

«Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

 Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары  және міндеттері

1.  «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

2.  Міндеттері:

1) әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

3.  Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президентінің және Үкіметінің актілерін орындауын ұйымдастыру мен олардың орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс, қала және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын, облыс, қала әкімдіктерінің қаулыларын орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

2) айқындалған кемшіліктерді жою бойынша шаралар, оларды орындамаған себептер мен шарттарды қабылдау;

3) қала, облыс әкімі аппараттарымен, қалалық және облыстық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз;

4) аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарар, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, құпия құжаттамамен жұмыс, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің жетілдіруін қамтамасыз ету;

5) аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін шараларды ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, олармен өзара әрекетті ұйымдастыру;

6) аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқуды, тағылымдама ұйымдастыру;

7) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін сақтау;

8) қаланың коммуналдық меншігін құруды, сондай-ақ оны күту және қорғау жөнінде іс-шараларды өткізуде қатысу;

9) нормативтік құқықтық  және құқықтық актілерді дайындауды және құрастыруды жоспарлау;

10) құқықтық актілерді тексеру;

11) мемлекеттік жұмыс және қызмет сатып алу келісім-шарттарын, сонымен бірге бөлінетін бюджет қаражаттарын игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторинг қамтамасыз ету;

12) қадағалау органдардың актілерін өз құзыреті шегінде қарастыру, бұзуларды жою және жол бермеу бойынша сәйкес ұсыныс енгізу, сәйкесінше жауаптарды, ұсыныстарды және нормативті құқықтық, құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

13) кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

14) алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін құрастыруды ұйымдастыру.

4.  Құқықтары мен міндеттері:

1) барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажет ақпарат, құжаттар және басқа да материалдар сұрау және алу;

2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнасымен белгіленген тәртіпте құпия ақпараттар пайдалану;

3) аудан әкіміне Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен қызметін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;

4) «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

5) ауданның бюджеттік бағдарламаларының әкімгері болып табылады;

6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша аумақтық  және қалалық іс-шаралар жоспарының міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді;

7) Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппаратындағы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іс жүргізуді, мекеме құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік мекеменің жабылуы кезінде құжаттарды мемлекеттік сақтауға қамтамасыз етеді;

8) Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің құқықтық және нормативті-құқықтық актілерінің заңнамаға және қолданыстағы заңнамамен белгіленген әкімшілік рәсімдерге сәйкестігіне жауапкершілікте болады;

9) «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап әзірлейді және жолдайды;

10) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын міндетті түрде орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

11) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмысты ұйымдастырады;

12) елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады;

13) жерлеу орындарын күтіп ұстау және ешкімі жоқтарды көму жұмыстарын ұйымдастырады;

14) өз құзыреті шегінде жалпы әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығымен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңнамалардың орындалуын ұйымдастырады және жәрдемдеседі;

15) азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеуді және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерді құрастыруды ұйымдастырады;

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы