• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба

«Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» ҚР Ақпарат және коммуникациялар минитрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №253 және ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №881 бірлескен бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 17 шілдесінен бастап пилоттық жоба іске қосылды.

Бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығының қағидаты бойынша пилоттық режимде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) бала тууды тіркеу;

2) қайтыс болуды тіркеу;

3) 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу.

Бала тууды тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2)  ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынылмайды);
4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
шетелдіктер қосымша ұсынады:
6)  Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарын  ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Қайтыс болуды тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) мемлекеттік қызмет  көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш);
2) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда).

6) әскери билет (болған жағдайда);

7) қажет болған жағдайда, туыстықты растайтын құжат.

2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.

Құжаттарды қабылдау Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 8 мекен-жайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қарағанды облысы бойынша филиалының – Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің № 4 бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі – 3 сағаттан артық емес. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 17.00-ден кейін немесе сенбі күні қызмет алушыдан Орталықпен қабылданған өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету келесі жұмыс күні Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған реформалардың мақсаты халыққа қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызмет алу мерзімін қысқарту болды.

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы