• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

2016 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету туралы "Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты" ММ АХАТ бөлімінің қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес Қарағанды қаласы Октябрь ауданы АХАТ бөлімі  9 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:

1.       Тууды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу;

2.       Неке қиюды /ерлі- зайыпты/ тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу;

3.       Азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу туралы анықтама және қайталама куәлік беру;

4.       Әке болуды анықтауды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу;

5.       Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу;

6.       Азаматтық хал-ахуал актілерін қалпына келтіру;

7.       Қайтыс болуды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу

8.       Бала аысрап алуды /қыз асырап алу/ тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу

9.        Некені бұзуды /ерлі-зайыпты/ тіркеу, соның ішінде азаматтық хал-ахуал жағдай актілеріне түзетулер, толықтырулар, өзгертулер енгізу.

2016 жыл ішінде мемлекеттік салық соммасы 13070709 тенге алында.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы АХАТ бөлімі  жеке және заңды тұлғаларға 19691 мемлекеттік қызмет көрсетті, ол 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (16613 қызмет)  3078  қызметке немесе 18,5% артық.

Қызмет алушылармен жұмыс

АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтерде және аудан  әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің тізбесі және олардың нұсқаулықтары, АХАТ бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есептер және қажетті ақпарат орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

2016 жылғы есептік кезеңі бойынша АХАТ бөлімімен 7 семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша іс-шаралары өткізілді.

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы