• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Октябрь ауданы әкімінің есебі

 

22.01. 2018 ж.

 

2017 жыл Октябрь ауданы үшін өте маңызды болды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі басты оқиға болды, онда кәсіпорындардың, ұйымдардың ұжымдары және 3 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысты. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және «Туған жер» арнайы жобасы іске асырыла бастады. Бұл бағдарламалар саналық көрсету мүмкіндігін және біздің ауданымызды дамытуға шағын және орта бизнеске ақшалай қаражат салу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады және қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша түсіндіру жұмыстары басталды.

         Октябрь ауданында 2017 жылы «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорыны іске қосылды. Жаңа нан зауыты іркіліксіз өндірістік цикл бойынша жұмыс істейді, заманауи еуропалық қуат үнемдейтін құрал-жабдығымен  жабдықталған. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 70 тонна нан және нан өнімін құрайды. Зауытта нан пісіру саласындағы ең замануи технологиялары енгізілген. Бүгінгі күні тұтынушыларға 120 атау нан өнімдерін және әртүрлі нан түрлерін ұсынады. Нан зауытының ашылуы 400 тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

         Геннадий Головкин атындағы спорт кешені салынды және жұмыс істейді. Спорт кешенінде ауыр атлетика залы, баскетбол, волейбол және мини-футбол үшін универсалды спорт залы, 25-метрлік жүзу бассейні және боксқа арналған зал орналасқан.

         Шағын және орта бизнесті дамыту шеңберінде ауданда 17 ықшамауданында «REAL», 13 ықшамауданында «Аян»  ірі супермаркеттері ашылды.

         «2020 өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Октябрь ауданында Белинский көшесі бойынша жас толық емес жанұялар пәтерлер алды.

         Аудан әкімінің аппаратымен 2017 жылы ауданды көркейту, тіршілік қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

         Аудан әкімі тұрғындарының өмір сүру  жағдайларын құру үшін 35 көп қабатты тұғын үйді қамтылған 6 аула аумағын кешенді көркейту бойынша жұмыстар атқарылды. Аулаларды көркейту бойынша санитарлық нормалар және тәжірбиелік функциялар талаптарына сай орындалды. Балаларға арналған ойын алаңдарында қоршауы бар жасанды жабынды орнатылды, стритбол ойынына арналған спорт алаңдары салынды. Қарт адамдардың демалысы үшін және шахмат пен домино ойындары үшін алаңдар орнатылды. Заманауи сәкілер мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Киімдерді кептіруге арналған шаруашылық алаңдар және кілемдерді тазалауға арналған тіреу абаттандырылды. Жүру жолын кеңейтумен қоса асфальт төселді, жол жиектасы орнатылды, тротуарлар және қонақ бекеттерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.  Қосымша кіріс жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Жарықтандыру тіреулері және контейнер алаңдары орнатылды.

         «Жаңа Майқұдық» Мәдениет үйінің эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында ғимарат алдындағы сквер абаттандырылды. Скверде жүру жолының кеңейтумен  асфальт төселді, сквер алаңында тротуарлық плитка төселді, жол жиектастары орнатылды, тротуарлар және қонақ бекеттері жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар кіріс жолдарында асфальт төселді. Мәдениет үйі алдындағы алаңында өлшемі 3*6 метр 2 бірлік LED экран орнатылды. Заманауи жарықтандыру тіреулері орнатылды.

         Аудан тұрғындарының көптеген жүгінуі бойынша №95 гимназия алдындағы мини-сквер абаттандырылды. Мини скверде брусчатка салынды, сәкілер, қоқыс жәшіктері орнатылды, талдар отырғызылды және жарықтандырылды.

          Скверлер ашылу рәсімі балалар және аудан тұрғындарының қатысуымен салтанатты түрде   өткізілді.

         Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлерде 2326 жаңа ақпараттық көрсеткіштер орнатылды, оның ішінде орталық көшелерде 800 дана, екінші кезектегі 1526 дана. Ақпараттық нұсқағыштар тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру үшін аккумулятор және күн батареяларымен жабдықталған, сонымен қатар көше атауы және ғимарат нөмірі үш тілде көрсетілген. Қосымша мобильды құрылғылар арқылы объект туралы аншлагтардан ақпарат алу үшін QR-кодтар жүйесі қолданылды.

         2017 жылы Октябрь ауданында автомобиль жолдарының орта жөндеуі жүргізілді: Майқұдықта -  (12 ықшамаудан айналма жолы (Магнитогорск көшесінен Сталелитейная көшесіне дейін), Восток-1,2 квартал ішіндегі жол, Лиговая көшесі (К.Маркс көшесінен теміржол переъздіне дейін), 19 ықшамауданындағы квартал ішінідегі жол, «Алданыш» балабақшасына кіріс жол), Пришахтинскіде – 4 (21 ықшамауданы айналмалы жолы, Зелинский – Луначарского көшесі, Социалистическая көш., Заславского көш., Павленко көшесінің учаскесін қоса Попов көшесіне дейін), Сұрыптауда – 9 (Дружбы көш., Больничный қиылысы, Гайдар көш., Победы көш. (Мануильского көшесінен Победы көшесіндегі № 100/1 үйге дейін), Маметова көш., Мануильского көш., 70 үй проездінен Дружбы көшесі бойынша Серов көш., Локомотивная көш., Махметов көш. дейін).

         «Аудан аумақтарын күту» бағдарламасы бойынша 343 аула аумақтарында келесі жұмыстар атқарылды аулаларды қоқыстан тазарту, шағын сәулет нысандарын жөндеу және бояу бойынша, шөп шабу, апатты жасыл көшеттерді кесу және шабу, талдарды ақтау, контейнер алаңдары қоршауын жөндеу, 1 тонна құм әкелу. Қысқы кезеңде қардан тазарту және шығару бойынша жүмыстар жүргізіледі.

         Көптеген жұқпалы ауру көздері мен механикалық таратушы болып табылатын кемірушілерге қарсы бағытталған іс-шарлар, жәндіктерді жою немесе санын азайту  (қауіпсіз деңгейіне дейін) бойынша профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілді. Ауданда дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар иесіз су қоймалында, мектепке дейінгі, мектеп, төле үй-жайларында және бюджеттік ұйымдарда көктемгі-күзгі кезеңде 3 еселік  рет өткізілді.

         Жыл сайын аудан әкімі аппаратымен санкциялданбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі. 2017 жылы одан кейін аумақты тегістеу жұмыстарымен қоса, жалпы көлемі 9025 куб.м, 10 қатты тұрмыстық қалдықтар үйіндісі жойылды.

         Жергілікті полиция қызметімен біріккен ауданды санитарлық тазарту  және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдармен Абаттандыру ережесін сақтау бойынша іс-шаралары өткізіледі. 2017 жылы Октябрь ауданының жергілікті полиция қызметімен 7369 бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыпппұл сомасы 72,3 млн.теңге. Қылмыс және құқық бұзушылық жасаудың алдын алу  мақсатында, аудандағы ең криминогенді учаскелерде қосымша бейнебақылау камералары орнатылды.

          Тұрғын халықты, барлық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарды бұқаралық қамту үшін жыл сайын көктемде және күзде Октябрь ауданын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар өткізілді. Барлығы 12 сенбілік өткізілді, онда 65 мыңнан астам қатысушылар қамтылған, 8 мыңнан астам ұжым қатысты. Аудандағы кәсіпорындар мен коммуналдық қызметтермен 107 бірлік техника ұсынылды, көлемі 4,5 мың м3, 26 санкциялданбаған қоқыс үйіндісі жойылды. Жергілікті полиция қызметімен бірге шағын және орта бизнес субъекттерінің абаттандыру төлқұжаттарына сәйкес,  санитарлық тазарту бойынша рейдтер өткізілді. Рейдтер қорытындысы бойынша 166 субъекттерге ескерту жасалды және 23 субъекттер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын «Туған жер» арнайы жобасын  іске асыру шеңберінде Октябрь ауданында ауданның шағын және орта бизнесті халықтың өзекті проблемаларын шешуге қамту бойынша жұмыс жүргізілді. 2017 жылы он төрт жоба жүзеге асырылды:

-         «Жұлдызай» балаларға арналған ойын алаңдары 1,8 млн.теңге сомасына орнатылды;

-         15 және 17 ықшамаудандарында 2 ойын алағы бабалрға арналған элементтерді орнатумен қоса абаттандырылды. Сомасы 1,7 млн.теңге, сонымен қатар аудандағы екі скверде спорт элементтері орнатылды;

-         Совет Одағының Батыры М.Мамыраевқа Әскери-техникалық мектеп алдындағы алаңда бюст орнатылды, сомасы 1,2 млн.теңге;

-         «STREET WORKOUT» Қазақстан федерациясының Қарағанды филиалымен «STREET WORKOUT» спорт алаңдары «Молодежный» МҮ және Қазақстан 50 жылдығы саябағында орнатылды.

Ауданда «20 үздік аула» конкурсы өткізілді, ол үш критерий бойынша өткізілді: заңды басқару нысанының болуы, жылыту кезеңіне уақытылы дайындық, сапалы қызмет көрсету және кондоминиум объектісінің санитарлық жағдайы. Конкурс қорытындысы бойынша ауданның үздік аулалары анықталды, олар 2018 жылға арналған абаттандыру бағдарламасына кірді.

«Скверлерді және саябақтарды» күту бағдарламасы бойынша 21 ықшамауданындағы және Мамыраев атындағы скверлерде 4 спорт элементтері орнатылды; карусель, балансир, лазейка және бабаларға арналған спорт кешені.

         Аталмыш іс-шаралар, ауданның эстетикалық бейнесіне жағымды әсер етті, тұрғын халықтың комфортты демалу деңгейін жоғарлатуға септігін тигізді және салтанатты жағдайда өткізілді.

         Аудан әкімі аппаратымен ерекше назар «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына аударылды. Кандидаттар ұсынылып, онлайн дауыс беруде белсенді қатысты.

         Аудан әкімі аппаратының өмірлік маңызды мәселелерінің бірі коммуналдық шаруашылық қызметін саласын үйлестіру және ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс болып табылады.

         Көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасына және көлеміне бақылау тұрғын үй қорын тиісінше жағдайда күту үшін жағдайын қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін көп қабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объекттерін заңды басқару нысанын құру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

          2017 жылы халықпен 538 жиналыс өткізілді. Нәтижесінде 32 иесіз үй заңды нысаны пайда болды. Бүгінгі күні 900 көп қабатты үйлер ПИК құрамына кіреді, 145 көп қабатты үй тұрғындармен күтіледі.

         Октябрь ауданы бойынша жылыту желілерінің қашықтығы құрайды: магистральды желілер – 119,7 км және квартал ішіндегі желілер – 271,3 км. Көрсетілетін жылу энергиясының сапасын жақсарту мақсатында «Теплотранзит Караганда» ЖШС күшімен есептік кезеңде 11,3 км жылу желілерінің құбырлары ауыстырылды, оның ішінде: 0,9 км (100%) магистралды жылу желілері (жоспар бойынша 0,9 км); 10,3 км (100%), таратқыш жылу желілерінің (жоспар бойынша 10,3 км).

         ПИК, ЖШС, ЖК, үй бойынша «аға» күшімен көп қабатты тұрғын үйлерді 2017-208жж. жылу кезеңіне дайындық  бойынша жұмыстар өткізілді: 31 тұрғын үйде үй ішіндегі жылумен қамсыздандыру жүйе торабтарын күрделі жөндеу; 24 жылу торабы және 9 элеватор торабы салынды; 19 тұрғын үйде кәріз және су құбыры жүйесі жөнделді; 13 электр қалқандары ауыстырылды.

         Аудан аумағында 11 жергілікті қазанды және 5 АЖЖ ораналасқан, олар 16 әлеуметтік мәдени тұрмыстық объекттерін жылытады. Қазіргі уақытта  барлық қазандықтар және АЖЖ штаттық режімде жұмыс істейді, әлеуметтік мәдени тұрмыстық объекттер жылумен.

         Аудан әкімі аппаратының диспетчерлік қызметімен күнделікті ТЭЦ-3 бекетінің және соңғы үйлердің температуралық режимі бойынша мониторинг жүргізіледі.

         Октябрь ауданы бойынша «Қарағаанды Су» ЖШС балансында: су құбырлары желілері 481,7 км  және кәріз желілері 310,2 км тұр. «Қарағанды Су» ЖШС 2017 жылы Октябрь ауданы ауданы бойынша сапалы сумен қамсыздандыру үшін қашықтығы 10,2 км апатты су құбырлары  желілері ауыстырылды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Сұрыптаудағы Компанейск пос. жалпы қашықтығы 5,9 мың м. Су құбырлары желілерінің реконструкциясы аяқталды.

         Энергиямен сапалы қамсыздандыру  үшін электр желілерінің ауа жолдарының 67,2 км, 22,5 кабельды электр желілерінің ауыстыру бойынша, 56 трансформаторлық кіші бекеттері жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде  3 трансформаторлық кіші бекет реконструкциясы іске асырылды.

         2017 жылы аудандағы алты иесіз электр желілері «Қарағанды қаласының әділет басқармасы» ММ есебіне қойылды. Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімімен желілерді коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Аудан әкімі аппаратымен «2020 өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Осы бағдарлама бойынша барлығы 36 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 14 үйде 28 лифт қалпына келтірілді. «Қарағанды облысы бойынша оңтайландыру орталығы» ЖШС атқарылған жөндеу жұмыстары үшін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иегерлерінен берешек төлеттіріп алу бойынша жұмыс жалғастырылуда. 2017 жылы сот бойынша  тұрғын үйлердің берешектерінен 2,9 млрд.теңге төлеттіріліп алынды.

         Аудан тұрғындарын қатты –тұрмыстық қалдықтарын шығару бойынша сапалы қызмет көрсету үшін Октябрь ауданы сектор бойынша бөлінді. 2017 жылы ауданда қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша  үш коммуналдық кәсіпорын: «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, «Эко Алем Қазақстан» ЖШС, «Ресайклинг ТК» ЖШС қызмет көрсете бастады.

          Әлеуметтік саясат саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі – халықтың жағдайын жоғарлату.

          Октябрь ауданында 32012 зейнеткер, 946 көп балалы жанұя, 796 батыр-ана, 26 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері тұрады. Аудан әкімінің аппаратында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алу үшін күнделікті көп балалы аналардан  құжаттарды қабылдау жүргізіледі. 2017 жылы салтанатты түрде аудан әкімінің қатысуымен 28 мемлекеттік награда табыс етілді.

         Ауданда үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметін атқарады. Бөлімшемен үйде 730 жалғызбасты бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, қарт адамдарға және 236 мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, психоневрологиялық ауруларға шалдыққандарға қызмет көрсетіледі. Оларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық және еңбектік.

         2017 жылы аудан әкімі аппраратымен мемлекеттік және мерекелік даталарға 62 іс-шара өткізілді, олардың барлығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге арналды. 915 адам қамтумен 12 қайырымдылық акциясы өткізілді. 2017 жылы Наурыз-мейрамы мерекесі аудандағы үш мәдениет үйлерінің алаңдарында өткізілді. Көп балалы жанұяларға және мүгедек балаларға барлығы 12 қайырымдылық  кигіз үй орнатылды. Аудан әкімінің қайырымдылық жаңа жыл шыршасы ұйымдастырылды. Қайырымдылық қызметінде аудандағы кәсіпорындар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер белсенді қатысты.

         Ауылшаруашылық жәрмеңкелерді тұрақты өткізу сұрағы өзекті болып қалуда. Апта сайын аудан тұрғындары үшін «Ғасыр» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнім нарық бағасынан 15-20% төмен сатылды.

         Октябрь ауданында 51 білім беру мекемесі орналасқан, оның ішінде 19 мектепке дейінгі, 27 балалар жасөспірімдер аула клубтары, 5 медико-әлеуметтік мекемесі, 22 денсаулық сақтау мекемесі, 3 мәдениет мекемесі, 3 спорт мектебі және Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

         2017 жылы құрылу күнінен мерейтой даталарын 4 білім беру мекемесі және «Теміржолшылар» Мәдениет Сарайы атап өтті. Мерейтой даталарының  маңыздыларының бірі Қазақ халқының ұлы тұлғасы – Қазыбек би 350-жылдық мерейтойын мерекелеу болды. Барлық іс-шаралар салтанатты түрде өтті, онда аудан активі және ардагерлері қатысты.

         Жылдан жылға құрылыс және жеке бала бақша ашу есебінен мектепке дейінгі ұйымдар, бала бақшалар және мини-орталықтар көбеюде. 2017 жылы Октябрь ауданында 640 орынға арналған  2 жеке бала бақша ашылды, Методическая көшесі, 13а бойынша 280 орынға арналған «Бота» бала бақшасы, 23 ықшамауданында 360 орынға арналған «Одарешка» бала бақшасы. Бала бақшаларда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбелеу және оқыту үшін сәйкесінше материалдық база құрылған.

          Ауданда 5 кәсіби-техникалық колледж қызмет етеді, оның ішінде біреуі жеке меншік. Жастарды колледждерде оқыту модульды бағдарлама және дуальды жүйе бойынша ақысыз негізде өткізілуде. Оқыту үрдісінде олар аудиторияларда теориялық білім алады және өндірістік кәсіпорындарда тәжірбиелік сабақ алады. Колледждер түлектері одан әрі тәжірибе алған кәсіпорындарда жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар. 2017 жылы Қарағанды агротехникалық және индустриалды-технологиялық колледжерде Москва қаласының колледждерімен тәжірбие алмасу бойынша келісім-шартқа қол  қойылды.

         2017 жылдан бастап аудандағы барлық емханалар кешендік медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Учаскелік дәрігерге жазылу мобильдык қосымша, сайт және емханалардағы өзін-өзі жазу терминалдары арқылы жүргізіледі. Емханаларда электрондық кезек іс-әрекет етеді және пациенттердің электрондық амбулаторлық карталары құрылды. Электрондық ресурстар заманауи байланыс құралдарымен пайдаланатындарға қол жетімді. Аудандағы барлық емханалар базасында әлеуметтік дәріханалар қызмет етеді.

         Жыл сайын облыстық бюджеттен медициналық мекемелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және медициналық құрал-саймандарды, дәрілерді сатып алуға қаражат бөлінеді.

         Былтырғы жылы Луначарского көшесінде орналасқан перзентхананың жөндеуі өткізілді. Алты бөлімше жөнделді, соның ішінде операциялық, туу алдындағы палаталар, стационарлар. Одан басқа, толықтай тамақ блогы, дезинфеукциялық камера, кір жуатын бөлме жөнделді. Күрделі жөндеуді 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 3-ші Кочегарка мекенжайы бойынша орналасқан №1 қалалық аурухана филиалының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың екінші тоқсанында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

         Октябрь ауданындағы алты медициналық ұйымдары үшін 58 медициналық техника бірлігі сатып алынды, оның ішінде перзентхана үшін 31 бірлік: нәрестелерге арналған интенсивті терапия үшін инкубатор, өкпені жасанды вентиляциясы үшін арналған кешенді  аппарат; 1 бірлік балаларға арналған ауруханаға  тәулік ішінде мониторлау ЭКГ кешені; 6 бірлік облыстық туберкулез ауруларына қарсы диспансеріне; жалпы хирургиялық ота жасау үшін бейне эндоскопиялық кешені, анестезиологиялық жүйе кешені; 7 бірлі облыстық тері-венериологиялық диспансеріне: гематологиялық анализатор, жартылай автоматты биохимиялық анализатор; 7 бірлік №1 қалалық ауруханасы үшін: эндоскоптар дезинфекциясы және стерилизациясы үшін автоматты жуу құрылғысы, бейне эндоскопиялық жүйесі; 6 бірлік №4 емхана үшін стоматологиялық құрал-сайман.

         «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде халықпен ақапарттық-түсініктеме жұмысы өткізіледі, халыққа қызмет көрсету үш орталығы Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндігі, және де аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі арқылы. Олардың міндеті электрондық форматта өз бетімен қызметтерді алу үшін халықтың электрондық цифрлық қолтаңба  алу. 2017 жылы аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімімен 20118 мемлекетті қызмет көрсетілді, оның ішінде»Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 15083 қызмет көрсетілді, «электрондық үкімет» порталы арқылы 168 қызмет көрсетілді, мемлекеттік органда қағаз нысанында 4876 қызмет көрсетілді.

         2017 жылдың шілде айынан бастап халыққа бірыңғай қызмет көрсету принципі бойынша «азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы  туу, қайтыс болу, некені бұзуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету пилоттық жобасы іс әрекет етеді. Пилоттық режимде мемлекеттік қызмет көрсетілді: туу тіркеу бойынша – 165, неке бұзу – 216, қайтыс болу – 658.

         Азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтердің 9 түрі бойынша 15,9 млн.теңге мемлекеттік баж өндіріп алынды.

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Октябрь ауданында  жөндеуден өткен ғимаратта ашылу және салтанатты неке қию рәсімі өткізілді. Жасалған жөндеуден кейін, ғиарат толығымен жаңартылды: жылумен қамсыздандыру жүйесі ауыстырылды, қабырғалар тегістелді, еден ауыстырылды, плитка салынды, түсқағаз жабыстырылды,  есік орнатылды және кіріс тобы жөнделді. Бөлім толығымен жаңа жиһазбен және оргтехникамен, мұрағатқа арналған стеллаждармен, неке қию залы үшін дауыс аппаратурасымен, кондиционерлермен жабдықталды.

         Жанұяны нығайту және сақтау үшін аудан әкімінің аппаратымен некеге отыруға ниет білдірген азаматтармен тренинг өткізу бойынша жұмыс тобы құрылды. 2017 жылы барлығы жас жұбайлармен 7 тренинг өткізілді.

         Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін, олардың әлеуметті, материалды және тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай құру үшін, оқытуды, жұмысқа орналастыруды және демалысын ұйымдастыру үшін, салауатты өмір сүруін қалыптастыру үшін, құқық бұзушылық санын азайту үшін ауданда Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия жұмыс істейді. 2017 жылы комиссияның 22 отырысы өткізілді, 71 материал қарастырылды, оның ішінде ата-ана қатынасында 26, кәмелетке толмағандар қатынасында 45. Тұрақты негізде аз қамтылған жанұялардағы кәмелет жасқа толмаған балалармен профилактикалық жұмыс өткізіледі.

         «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік басқаруды жетілдіру сұрағы бойынша Октябрь ауданында 7 Жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі жұмысын жалғастыруда, оның құрамында Қарағанды қалалық мәслихатының депуттары, жергілікті полиция қызметі, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК төрағалары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді. Кеңестер жергілікті атқарушы органдардың аудан тұрығндарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет атқару сұрақтары, ауданның санитарлық жағдайы және құқық бұзушылық сұрақтары бойынша өзара қарым-қатынас жасау бойынша консультативті-мәжілістік орган болып табылады. Кеңестер жұмысының кестесі аудан әкімі аппаратының сайтында жарияланады. 2017 жылы Кеңестермен 63 азаматтарды жеке қабылдау өткізілді және 156 өтініш орынға барып қаралды. Кеңестер аудандағы үш өңірінде халық алдында есеп беру кездесулерін өткізді (Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау).

         Аудан әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде лауазымдық тұлғалардың халықпен контактісін шектеу бойынша, сапасын жоғарлату, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыс  жүргізіледі. Аудан әкімінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы арнайы бөлім бар. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратының ғимаратында «сенім телефоны» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелері көрсетілген ақпараттық стенд орналастырылды. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары үшін пошталық жәшік орналастырылды. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық тәсілмен өткізілді. Азаматтардың өтініштерінің өту және орындау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің аппаратында «Айқын» бағдарламасы іс әрекет етеді.  Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша барлық жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. 2017 жылы жалпы құжат айналымы 16142 бірлік құрады, оның ішінде 694 жеке тұлғалар өтініші, 308 заңды тұлғалар өтініші және 9142 ресми хат-хабарлар. Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері орнатылған мерзімде қарастырылды.

         2017 жылы аудан әкімінің аппаратында үш ашық есік күні өткізілді. Онда тұрғындар коммуналдық қызметтерді көрсету, автожолдардың жағдайы, ПИК жұмысы, ауданды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту мәселелері бойынша кеңестер алды. Барлығы 69 тұрғын кеңес алды. Күн сайын мемлекеттік-құқықтық бөлімімен құқықтық сұрақтар бойынша тұрғындардың қабылдауы өткізіледі, консультация 127 тұрғынға көрсетілді. Аудан әкімінің аппаратында тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, ол облыстың Бірыңғай диспетчерлік қызметіне қосылған. Бұл тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Күн сайын әкіммен және оның орынбасарларымен жеке мәселелер бойынша  тұрғындарды қабылдау жүргізіледі. 2017 жылы 119 тұрғын қабылданды, одан басқа аудан әкімінің блогына 22 өтініш түсті. 2017 жылы аудан әкімімен тұрғындар алдынджа үш есеп беру кездесуі өткізілді, онда 1018 адам қатысты. Барлық түскен 70 өтініштер мен жүгінулер бойынша түсіндіру және жазабаша жауап берілді.

2017 жылы аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша белгілі жұмыстар өткізілді, бұл жұмыстар одан әрі жалғастырылады.

2018 жылы Октябрь ауданында абаттандыру бағдарламалы бойынша 50 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды өткізу жоспарлануда, онда асфальт төсеу, қоқыс жәшіктерін, сәкілер, жарықтандыру тіреулерін, жол жиектастарын орнату жоспарлануда. Өмір сүру үшін аманауи және жақсартылған ортаны құру үшін 2 сверді, 8 мини-скверді абаттандыру бойынша жұмыстарды өткізу жоспарлануда, онда келесі жұмыстар жүргізіледі: тротуар жолдарын салу, сәкілер, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру тіреулерін және көгалдандыру.

Аудан әкімі аппаратының басты мақсаты ауданның тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету. 2018 жылы көлемі 9 мың м3 қоқыс үйіндісін жою бойынша жұмыстарды, дератизация және дезинсекция бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Аудан аумақтарын күту, оған аумақтарды қоқыстан тазарту; жалпы пайдалану жерлердегі апатты талдарды кесу; шөп шабу; аула ішіндегі аумақты тазарту кіреді.

Ауданда Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында іс-шаралар жоспарланды, олардың барлығы 2018 жылы өткізіледі.

 

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы