• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Жаңалықтар

Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу енді Egov.kz порталында онлайн қолжетімді


 

Электрондық үкімет порталында «Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» қызметі іске қосылды. Бұрын бұлар үш әртүрлі қызмет болатын, ал қазір процесс оңтайландырылған. Қазір олар бір қызметке біріктірілген және оларды үйден немесе офистан шықпай-ақ онлайн алуға болады. Сондай-ақ, қызмет көрсету мерзімінің 7 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне қысқарғанын айта кеткен жөн.   

Онлайн қызмет алу үшін:  

1. Авторизациядан өту және  «Көлік және коммуникация» бөліміне, бұдан әрі «Ауыл шаруашылық техникасы және су көлігі» бөліміне көшу;

2.  Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін таңдау;

3. Өтінішке  электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. 

Жеке кабинетте («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде түсетін  өтінішіңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысасыз.   

Қосымша хабарлайтынымыз: қызмет құны

1) жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;

2) заңды тұлғалар үшін – 5 АЕК;

3) құжаттың телнұсқасын беру үшін  – 0,5 АЕК құрайды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы