• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Жаңалықтар

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!


 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Сіздерге Қарағанды қаласындағы  Жамбыл көшесі, 2 мекенжайы бойынша цифрлық қызмет орталығының ашылғанын хабарлайды.  Қажетті қызметтерді  азаматтар Цифрлық қызмет орталығынан өз бетінше, оператордың көмегінсіз ала алады.  Сондай-ақ, орталықта зал бар, мұнда келушілер өзінің цифрлық сауаттылығы деңгейін көтере алады, сонымен бірге тілек білдірушілер үшін мемлекеттік орган басшыларына сұрақ қоятын бейне-кабинка бар, мұнда клиенттер бейнежүгінуге жазыла алады.         

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, Цифрлық қызмет орталығының және фронт-офис қызметкерлері халыққа мемқызметті өз бетінше алуға үйретеді. Қызмет алушылардың мәліметіне, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер тізілімінде 742 мемлекеттік қызмет бар, соның ішіндегі 531-іне egov.kz электрондық порталы арқылы қол жеткізуге болады.  

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы