• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ (ҚОӘБ) НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША МҮДДЕЛІ ЖҰРТШЫЛЫҚ ҮШІН АҚПАРАТ


Жобалық құжаттаманы  «Өндіріс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу»

Жобада  өндіріс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу  қарастырылады

Ескі  шиналарды  механикалық ұсақтау әдісімен өңдеу нәтижесінде  резеңке қоқымы пайда болады.  Бұл  жыл сайынғы өсіп келе жатқан  және пайдалы аумақты алған сондай-ақ  экологиялық проблемалардың себебі болып табылатын ескі автошендердің көлемін  төмендетудің  тиімді тәсілі болып табылады.

Шиналарды қоқымға өңдеудің барлық желісі қамтиды:

  •  Борттық сымды жою;
  •  Тысты кесуге арналған қайшылар;
  •  Ұсақтағыш.

Ескі  шиналарды  механикалық ұсақтау әдісімен өңдеу желісі экологиялық қауіпсіз болып табылады, себебі атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуы болмайды.

Тыстарды өңдеу материал ретінде дайындау үшін шикізат  береді - мысалы , қалпына келтіру рәзеңкесін және көпіршіктелген каучук және де дайын өнімдер. Бұл жабындар - балалар алаңдарына арналған кілемшелер, спорт алаңдары, сондай-ақ корттар және өнеркәсіптік едендер болуы мүмкін .

Сонымен қатар, тыстарды өңдеу асфальт жабындарын және жаяужол плитасын салу үшін шикізат береді.Екінші рәзеңкеден протекторлар, опырғыштар, сантехникалық төсемдер және шатыр жабындарының кейбір түрлерін. Жеңіл өнекәсіп бұйымдарын айтпағанның өзінде, мысалы, аяқ-киім табандары, кіру кілемшелері.

Бүгінгі күні пластик пайдаланылатын материалдардың бірі болып табылады.Одан бөтелкелер, су  және тұрмыстық майлар үшін канистралар  жасайды.Бұл әмбебап материалы табиғатта 100 жылдан астам уақытта ыдыратылатындықтан, уақыт өте келе оны өңдеу қажеттілігі пайда болды. Пайдаланылған пластикалық бөтелкелерді жою проблемасы айтарлықтай өткір болып тұр,өйткені адам тұрмысында олардың көптігі сонша, егер ПЭЫ ыдысты жай ғана лақтыра берсек, онда бұл табиғатқа, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.Соңғы жылдары бұл мәселе өте маңызды болып келеді,себебі пластикалық бөтелкелер шыны ыдыстарды айтарлықтай санға басып озды, және бастапқыда оларды жою жүйесі жөнге салынбаған, оларды қоғамдық қоқыс тастайтын жерлерге тастап отырған

ПЭЫ ыдыстарды уатқыш, басқа өнімдер өндіру мақсатында пайдаланылған материалдарды ұнтақтау принципі бойынша жұмыс істейді. ПЭЫ бөтелкелерге арналған қазіргі уатқыш бірнеше маңызды қасиеттермен сипатталады:

  • Жоғары өнімділігі кезінде шағын конструкциясы, оны кішкентай бөлмеде орналастыруға мүмкіндік береді;
  •  Механизмі қалдықтарды біркелкі ұсақтауды орындайды;
  • Энергиялық тиімділікпен ерекшеленеді, себебі заман талабына сай құрастырылған.

Жұмыс істеу принципі пайдаланылған пластикалық бұйымдарды  шикізатқа өңдеу болып табылады,  оларды одан әрі  жаңа ыдыс дайындау үшін пайдалануға болады.Алынған шикізатты бұдан әрі жаңа пластикалық бұйымдар жасауға қолдануға болады.

Судың, сусындардың ыдыстарын ғана емес, канистраларды да кәдеге жаратуға болады, сондай –ақ жұқа қабырғалы материалдарды, мысалы: қап, пленка, жәшіктер, тұрмыстық техниканың пластиктарын,аккумуляторлардың пластикалық корпустарын.

Жобаны іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, сол арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін жақсартуға мүмкіндік береді, бұл,әрине, оң әлеуметтік фактор болып табылады.

Пайдаланылған майлар  «RIO-07» ЖШС өндірістік бөлмелерін жылумен жабдықтау үшін отын ретінде пайдаланылады.

2 Қосымша

Әзірлеуші ҚОӘБ:  Чичина Л.И..  байланыс. тел. 8 701 942 50 71: 

Қоғамдық сурау (сауалнама) аяқталғаннан кейін мүдделі жұртшылықтың берілген ескертулері және ұсыныстарымен бірге ҚОӘБ құжаттамасы мемлекеттік экологиялық сараптамасын өткізу үшін жіберіледі.

 

           «RIO-07»  ЖШС мүдделі тұлғаларды, жоспарланып отырған қызметтің «Өндіріс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу» бойынша  қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ)  нәтижелері бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабардар етеді.

            Сауалнама осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде жүргізілетін болады.

      ҚОӘБ құжаттамасы және сауалнама парағы мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу бойынша  «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ сайтында http://oktyabr-akim.gov.kz. жарияланды.

            Төменде көрсетліген байланыс деректері бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге болады.

             Тапсырыс беруші - «RIO-07»  ЖШС , Жауапты тұлға – А.Ж.Манатов

ҚОӘБ әзірлеуші : Л.И.Чичина. Байл.тел: 8 701 942 50 71.

Сауалнама ақталғаннан кейін ҚОӘБ құжаттамасы мүдделі жұртшылықтың ескертулерімен және ұсыныстарымен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі.

 

 

3 Қосымша

САУЛНАМА ПАРАҒЫ № ________

Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін

 

Күні __________
1. Т.А.Ә., (заңды тұлғаның атауы), ЖСН (БСН)________________
_____________________________________________________________________

2. Тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы ___________________________
                                   (елді мекеннің атауы)

3. Жұмыс түрі______________________________________________________

4. Байланыс мәліметтері_______________________________________________
  (Мекен-жайы, телефоны,өзге де, жауап алу қажеттілігі болған кезде толтырылады)

5. Ұйымның атауы,мекен-жайы, телефоны _________________________
  (Сауалнама қатысушысы ұйымды таныстырса ғана толтырылады)

6. Жоспарланып отырған қызмет туралы ұсынылған ақпараттың толықтығын бағалау: _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

7. Пікірлер,ұсыныстар: ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

 

 

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы