• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Жаңалықтар

Бизнесті электрондық коммерциямен баста


Электрондық коммерцияның жоғары деңгейі қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Электрондық сауда көлемінің артуы  кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы- экономикалық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономиканың деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Электрондық коммерцияның тиімді дамуы телекоммуникациялық инфрақұрылымның деңгейіне және деректерді берудің қолжетімділігіне, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейіне, тұтынушылардың құқытарын қорғауды қамтамасыз етуге, заңнамаға, логистикалық инфрақұрылым деңгейіне, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын дамытуға байланысты болады.

Электрондық сауданы қолдау мен дамыту мақсатында жаңа Салық кодексінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді (тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады, тауарларға ақы төлеу жалпы жылдық кірістің кемінде 90% -ы қолма-қол емес төлеммен жүргізіледі,тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметінің не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болуы

Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушыларды интернет-ресурстар арқылы тауарлар туралы ақпараттандыру, сондай-ақ тұтынушыларды тауарлардың сапасы, қасиеттері мен сипаттамалары туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз ұсынылған тауар үшін  тұтынушының алдында жауапты болу жөніндегі сатушылар мен делдалдарға арналған міндеттемелерді көздейтін норманы  енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ төлем жүйесі интернет сауданың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Бұл бағыт шеңберінде кәсіпкерлердің тауарлармен электрондық саудадағы шығындарын (қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банк комиссиясының мөлшерін) азайту мақсатында интеграцияланған (екінші деңгейдегі банктермен) ішкі төлем платформасын енгізу бойынша, төлем жүйелерін, оның ішіндемобильді төлемдерді жүзеге асырудың жеңілдетілген тетігін енгізу халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, ұялы төлемдер үшін комиссияны азайту ұсынысы, электрондық шот-фактурға атолықтай өтуді қамтамасыз ету арқылы жетілдіружұмыстары басталды.

Кәсіпкерлердің цифрлфқ және қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақстатында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқытуға 12000 ШОБ субъектісі қамтылатын жаңа «бизнесті ойнлайн шығару» көрсетілетін қызметті енгізе отырып, «сервистік қолдауға»электрондық коммерция бағытын қосу көзделген.

Кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру үшін «Қазпошта» АҚ E-commerce базасында «толық дайын» интернет-дүкендерін құру бойынша қызметтер көрсетілетін болады.

2018 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ логистика инфрақұрылымын дамыту үшін кемінде екі логистикалық хабsy және сұрыптау орталықтарын (Fullfilment орталық) құруды жоспарлап отыр.Өңделетін сәлемдемелердің саны 5,148 млн-нан 6 млн-ға дейін20%-ға артады, Қазақстан бойынша нақты  бағыттар бойынша экспресс-пошта арқылы жеткізу мерзімі 15-тен 6 күнге дейін және 1 күнге дейін азаяды деп болжануда.

Осы бағыттарды іске асыруды ескере отырып,2022 жылы электронды сауда мен онымен байланысты салаларда қосымша 200 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отырғанын айта кету қажет.

Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы