• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Менің ауданым

Қарағанды қ. Октябрь ауданының ТӨЛҚҰЖАТЫ

Октябрь ауданы Қарағанды қаласының облыстық орталығында орналасқан, 1938 негізі қаланған.

1997 жылдың мамыр айынан бастап Октябрь ауданының құрамына бұрынғы 3 аудан енді: Киров, Теміржол, Октябрь. Октябрь ауданынан Қарағанды қаласының облыстық орталығына дейін арақашықтық 17 км құрайды.

Аудан аумағы шекара бойынша 22,4 мың га құрайды, ал бұл жалпы қала аумағының 41,3% құрайды.

2017 жылдың басында халық саны – 226,315 мың адам құрады, Октябрь ауданы өнеркәсіп өңірі болып табылады.

Ауданда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді:

1. «Қарағанды металл бұйымдары зауыты» ЖШС- балаларға арналған тауарларды шығарады (шаналар, велосипедтер)

2. «Сантехпром» ЖШС- санитарлы-техникалық үлгідегі шойын эмальдандырылған өнімдерді жасап шығарушы болып табылады (ванналар, раковиналар және т.б.)

3. «Natige» ЖШС – 20 түрден аса сүт өнімдерін жасап шығарады.

4. «Қарағанды №2 автобус паркі»- халықты көлікпен қамтамасыз ету

5. «№5 Автобус паркі» АҚ- халықты көлікпен қамтамасыз ету

6.«Қарағанды металлконструкциялар зауыты – Имсталькон» ЖШС – зауыттың негізгі жасап шығаратын өнімі өндіріс ғимараттардың және имараттардың шойын конструкциялары. Зауыт өз өнімін Қазақстанның барлық қалаларына қамтамасыз етеді.

7. «Пархоменко атындағы Қарағанды машина құрылысы зауыты» ЖШС - тау өндіретін өнеркәсіпте пайдаланылатын әр түрлі өнімдер мен қосалқы бөлшектердің 300 аса түрін жасап шығаратын, ауыр машина құрылысы кәсіпорыны.

8. «Стройкомплект-А» ЖШС КФ – қазіргі заманғы модульдік технологиялар бойынша жұмыс істейтін Қазақстандағы бірінші зауыт, біріккен Француз-Ресей-Қазақстан кәсіпорны болып табылады. Аталмыш технология кез-келген сипаттағы және сападағы бояуларды жасап шығаруға мүмкіндік береді.

9. «ТД Азия Метиз» ЖШС (көмірсутекті сым)

10. «Силициум Казахстан» ЖШС (металлургиялық кремний)

11. «Борусан Макина» ЖШС ЖК- шахталық құрал-сайман сервисі

12. «Эгофом» ЖШС - (поролон)

13. ТОО «Green Technology». Тамшылық суару әдісімен көкіністерді өсіру бойынша «GREEN TEСHNOLOGY» жылу кешенінің бірінші кезегі ашылды.

14. 2011 жылы «Сарыарқа» Арнайы Экономикалық аумағын ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойылды. Аталмыш аумақ Индустриалдық парк негізінде құрылды. Қазіргі уақытта ірі фирмалардан жалпы өндіріс көлемі жылына 2 млрд.доллардан асатын, экспорт көлемі 8 млн.доллар және 8 мыңға жуық жұмыс орындарын құруымен жаңа кәсіпорындардың құрылысына 30 өтініш келіп түсті. Ағымдағы жылы жаңа өндіріс құрылысына дайын екендігі туралы 7 кәсіпорын растады. Мемлекет қамқорындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштердің саны:

Республикалық маңыздағы – 3:

- «Каруголь» И.А. Костенко трест зиратымен басқырушы – Пархоменко атындағы зауыт жанында

- Адамның өндірістік іс-әрекеті ескерткіші – К.О.Горбачев атындағы шахта

- Ұлы Отан Соғысы жылдарында эвакогоспиталь орналасқан ғимарат – «Теміржолшылар» МҮ

Жергілікті маңыздағы - 13:

 - Т А. Пархоменко бюсті (Пархоменко атындағы зауыт)

- А.М.Горькийге ескерткіш (Қарағанды ш.) - К.О. Горбачев бюсті (Горбачев ш.)

- Әскері даңқ обелискі (№ 13 ОПШ)

- Әскері даңқ обелискі («Теміржолшылар» МҮ)

- Ф.Э. Дзержинский бюсті (Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі)

- Социалистік еңбек Батыры Т.Күзембаев атындағы сквері және бюсті

- Қазақстанның 50-жылдығы атындағы аудандық паркіндегі әскері даңқ обелискісі

- Мамраев атындағы ықшамауданындағы стелла

- ҰОС қатысушысы Даңқ ордендерінің үш дәрежесінің кавалері Н.И.Покатиловқа мемориалдық тақташа.

- Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған жол полиция инспекторы, милиция сержанты Мажитов Рустам Рафиковичтың құрметіне мемориалдық тақта. (19 ықшамаудан)

- Совет одағының Батыры, ҰОС ардагері, Совет Армиясының аға лейтенанты Ю.Н. Павловтың құрметіне мемориалдық тақташа. (Ю.Н. Павлов атындағы №35 Орта білім беру мектебі.)

- Совет Одағының Батыры М.Мамраевтың  бюсті (М.Мамраев атындағы әскери-техникалық мектебі)

Ауданда «НұрОтан» республикалық партия филиалы, 3 ұлттық-мәдени орталығы, 8 қоғамдық бірлестігі, 1 кәсіподақ бірлестігі және 26 діни бірлестігі қызмет етеді.

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы