• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағандылықтарды Сабантойға шақырады


Қарағандыда жексенбі, 17-ші маусымда «Сабантой» татар ұлттық мерекесі өтеді. Биылғы жылы ол Астананың 20 жылдығына арналады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Орталық мәдениет және демалыс саябағына Сабантойға шақырады. Басталуы: 12.00-де.
Сабантой («соқа мерекесі») — жыл сайын өтетін татар және башқұрт елдерінің көктемгі алқап жұмыстарының аяқталуын тойлайтын ұлттық мерекесі. Түрік тілдеріде «сабан» - «соқа» деп, ал «туй» - «мереке, той» деп аударылады.
Осы күнге дейінгі жеткен дәстүрлердің барлығы күнге, аспан құдайына құрмет көрсетумен байланысты. Осыдан да барлық дәстүрлі секіруден, жүгіру мен күрестен, атпен жаруысу сайыстары пайда болған.
Осы секілді мерекелер Волга жағалауының халықтарында (чуваш, марий, мордва, удмурттар) да, Кавказдың түркі халықтарында да (балқар мен ноғайлар) бар, алайда олардың әрқайсының ерекшеліктері болады.
Сабантой ұлттық мерекесі күш пен ептілікті көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттайды.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы