• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағандыда жыл сайын өтетін «Жазғы Оқы-қала» акциясы басталды


Қарағандыда жыл сайын өтетін «Жазғы Оқы-қала» акциясы басталды. Биылғы жылы Әлиханов көшесіндегі саяжолдың орындықтарында көркем, ғылыми-танымал әдебиет және өткен жылдардың мерзімді басылымдары қойылады.

Акцияны Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өткізуде. Алғашқы жазғы оқу залы 2013-ші жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезден бері оған 3500 қарағандылықтар қатысқан, оның ішінде 400 бала болды. Олар үйлеріндегі кітапханаларына 12 000-нан астам кітаптар мен журналдарды алған.

- «Жазғы Оқы-қала» акциясы шеңберінде орындықтарға қойылған кітаптарды өздерімен бірге алып кетіп, оқып болған соң қайтаруға болады, жәнеде өзіне қалдыруға да болады. Сонымен қатар жазғы оқу залы буккроссинг тәсілі бойынша да жұмыс істейді – дәлірек айтар болсақ, бір кітапті алғанда оның орнына басқа кітап қою, - деп түсіндірді Гоголь атындағы кітапхана каталогын ұйымдастыру және құжаттарды өңдеу, құрамдау бөлімінің жетекшісі Светлана Головко.

Акцияда ұсынылған барлық кітаптар мен журналдарды әр кезеңдерде оқырмандар сыйлаған. Негізінен ол романдар, детективтер, аспаздық, бақташылық, қолөнер, медицина, ветеринария және т.б. бойынша кітаптар. Сондай-ақ жазғы оқу залында түрлі уақыттардың тақырыптық журналдары да бар.

«Жазғы Оқы-қала» 23-ші тамызға дейін аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері 11.00-ден 16.00-ге дейін Әлиханов көшесі бойындағы орындықтарда, Қарағанды облыстық Білім басқармасы ғимаратына қарама-қарсы саяжолда болады.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы