• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағандыда Масленица қалай атап өтіледі


Қарағандылықтарды Масленица мерекесін атап өтуге шақырады. Бұқаралық тойлау 18-ші ақпанда өтеді.
Қалалық мереке Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда 12.00-де басталады. Басты ұйымдастырушы – «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі мен халықтық ән және би ансамблі. Далада дастархан жайылып, құймақтар мен тәтті-дәмділер қойылады, қойылымдар мен байқаулар ұйымдастырылады. Алғаш рет кез-келген ниет білдірушілер ұзын таяқпен жүру жарысына қатыса алады. Мерекенің шарықтау шегі Масленица тұлыбын жағумен аяқталады.
Масленица аптасының аяқталуын атап өту қарағандылық хайуанаттар бағында да жоспарланып отыр. 13.00-ден бастап ол жерде балалар мен ересектерге арналған байқаулар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар үшін сыйлықтар әзірленді – ойыншықтар мен спорт жабдықтары. Бұл күні келушілерге тәтті құймақтар таратылады. Ересектер үшін кіру бағасы – 400 теңге, ал 5 жастан жоғары балаларға – 200 теңге, бес жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.
Жаппай тойлау шаралары қаланың басқа да аудандарында өтеді. 16-шы ақпан, жұма күні «Молодежный» МҮ де мерекені атап өтпек. Басталуы 12:00.
Жексенбі, 18-ші ақпанда Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің алдында 12.00-де театрландырылған қойылым өтеді.
Сұрыптау станциясының тұрғындарын да жексенбі күні Теміржолшылар Мәдениет үйінің алдындағы алаңға шақырады. Мұнда 12.00-де "Шуми, Масленица!" атты фольклорлық қойылым ұйымдастырылады.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы