• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағанды облысында тағы 10 адам коронавирустан сауығып кетті


Бүгін, 23 мамырда Қарағанды облысында инфекциялық стационарлардан COVID-19 індетінен сауыққан 10 пациент шығарылды.

Теміртау қаласының тоғыз тұрғыны: 1961, 1963, 1970, 1978, 1990, 1992, 1995 ж.т. ер адамдарда, 2014 ж. т. балада және 2000 ж. т. қызда дәрігерлер бұрын орташа дәрежедегі КВИ диагнозын анықтаған болатын. Орташа дәрежедегі коронавирустан 1980 жылы туған қарағандылық та емделіп шықты.
Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін емделушілер үй карантиніне шығарылған.

23 мамырға келіп түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында сауыққандардың жалпы саны 190 адамды құрады. 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы