• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағанды облысында 42 адам COVID-19 жұқтырды


Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 42 жағдайы тіркелді.

ПТР-зерттеулер 42 емделушіде COVID-19 барын растады. Оның ішінде 30-ы бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, 12 адам КВИ-ге скрининг нәтижесінде анықталды.
Барлық пациенттер инфекциялық стационарларға жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізіледі. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысында 22 мамырда 472 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 180 адам сауығып кеткен. 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы