• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағандыда қазан айында 14 балалар ойын алаңы жөнделді


Осы айда Қарағандыда 14 балалар алаңы жөнделді. Бұл нысандар «Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК қарауында, және аталмыш мекеме олардың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды.
Қаладағы балалар алаңдарын кесте бойынша емес, қажеттілігіне қарай жөндейді. Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, көбінесе шынжырлар, тростар, қоршаудың металл торы, жасанды жабыны жарамсыз болып қалады.
- Қандай да бір жөндеу кестесі жоқ, себебі күн сайын бір ғана нысанда белгілі бір заттар сына бермейді. Егер қалпына келтіру жұмыстарының қажеттілігі туындаса, бұл туралы басшылыққа белгілі бір учаскенің шебері хабарлайды. Жөндеу орнына дәнекерлеушілер мен ағаш ұсталар кіретін бригада барады, - деді КМК өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Жанат Нұржанов.
Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері street workout үшін төрт алаңның жабынын ауыстырды. Бұл жабын ұзақ және сенімді болып саналады. Оның құрамындағы негізгі компонент полиэтилен болып табылады. Ол жарыққа төзімділіктің жоғары дәрежесіне ие және -400 С-ден + 400 С-ге дейін температураға төзе алады.
КМК балансында барлығы 44 балалар және спорт алаңдары бар.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы