• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағандыда «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі өнер көрсетеді


Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 23 қазанда «Шалқыма» концерт залында өтетін «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертіне шақырады. Басталуы 18.30. Кіру тегін.

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті Алтын Орданың 750 жылдығы аясында өткізіледі. Музыкалық кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Еділ Құсайынов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Глеб Паныч, Дана Әбдіқадірова, Арайлым Тұрысбекова секілді солистер өнер көрсетеді.
Дирижер - композитор, музыкант, «Елбасы» әнінің авторы Әліби Әбдінұров. Әліби Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. 2003 жылдан бастап Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция және оркестрлік дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.
«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі 2000 жылдан бастап жұмыс істейді, оркестр тыңдаушыларды қазақ ұлттық мұрасымен таныстыру және отандық аудиторияны әлемдік мәдениетке тарту секілді өз миссиясын табысты орындап келеді.
Оркестр халық әндерін өңдеу, классикалық шығармалар мен джаз композициялары секілді түрлі жанрдағы музыканы орындайтын әмбебап шығармашылық ұжым болып табылады.
Жиырма жыл бойы «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі көрерменнің ықыласына бөленді. Бірнеше рет республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты болды.
«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің негізін қалаушы – Александр Аблаев. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Серік Давлетов.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы