• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағанды облысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасында көш бастап тұр


Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының деректері бойынша Қарағанды облысы өңірлердің жалпы рейтингісінде үшінші орында және мемлекеттік міндеттемелерге тартылған инвестицияларға қатысты бірінші орында тұр. Бұл туралы бүгін аппараттық кеңесте экономика басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Әбішева мәлім етті.
2017 жылдан бастап МЖӘ бағдарламасы бойынша облыста бес МРТ кабинеті, төрт компьютерлік томография кабинеті, төрт офтальмологиялық кабинет, үш емхана, төрт гемодиализ орталығы, оңалту, гематологиялық және аллергологиялық орталықтар ашылды. Сонымен қатар Қарағандыда МЖӘ бағдарламасының арқасында балабақшалар кезегі толығымен жойылды.
Осының барлығы жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізді. Облыста 620 бос жұмыс орны ашылды.
- Салалық мемлекеттік органдар мен аудандар әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде іске асыруға ұсынылатын МЖӘ жобаларының пулы құрылды. Оған 9 сала мен бағыт бойынша 65 жоба кіреді. Оның ішінде алдағы уақытта 38,4 млрд.теңгеге 33 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, - деді Гүлмира Әбішева.
Оның айтуынша, қазір денсаулық сақтау және спорт саласында тағы үш жоба келісу сатысында. Оның ішінде «Өжет» спорт кешені мен Таэквондо орталығының ашылуы да бар.
Қарағандыда маммологиялық орталық, Октябрь ауданында емхана, Жезқазған аймағының медициналық ұйымдарына анралған орталықтандырылған зертхана және Қарағандыда позитрондық-эмиссиялық томография орталығын ашу секілді тағы төрт жоба экономикалық сараптама алып, бизнес-жоспар бекіту сатысында.
«Сарыарқа» ӘКК-де қазір өңірдің мемлекеттік мекемелерінен шығарылған оргтехника мен жиһаздарды шығару, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша жоба өтуде.
Өңірде жалпы сомасы 11 млрд. теңгеге МЖӘ бағдарламасы бойынша 38 шарт жасалды. 2017 жылы 21 шартқа қол қойылды. 2018 жылы білім саласында 11 келісімшарт жасалса, биыл 6 шартқа қол қойылды.


 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы