• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Қарағанды облысының Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды


Өрт сөндіру бекеті Қарағанды облысының Нұра ауданында Қайнар ауылының маңында ашылды. Ол өңірдегі он төртінші осы секілді нысан болды.
Жаңа бекет Қайнар ауылына және жақын аумаққа қызмет көрсетуде. Өрт сөндірушілер жақын арада төрт дала өртін жойды.
Сонымен қатар бекет қызметкерлері ауыл тұрғындарына қауіпсіздік ережелері туралы және арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, отпен қалай күресу керектігі туралы айтып береді.
Қайнар ауылында барлығы 204 үй бар, онда 1164 адам тұрады.
Айта кету керек, бұл өрт сөндіру бекеті Қарағанды облысында он төртінші нысан болып табылады. Осыған дейін мұндай бекеттер Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Абай, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында ашылған. Олардың қорғауында жалпы халық саны 23 мың адамнан асатын 28 елді мекен бар. Өрт сөндіру бекеттері арнайы техникамен жабдықталған.
Мұндай пункттер жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ашылады. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ол үшін қажетті техника бөледі. Мәселен, бекеттерге алты өрт сөндіру автокөлігі жіберілді. Қазір Жаңаарқа және Қарқаралы аудандары әкімдіктерінің балансына тағы екі өрт сөндіру көлігін беру мәселесі шешілуде.

Жыл соңына дейін Шет, Осакаров, Нұра, Абай және Ұлытау аудандарында тағы бес өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарлануда.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы