• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде балабақшалар мен ТКШ нысандары жөндеуден өтеді


Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен Жаңаарқа ауданына барып қайтты. Оны өңірде «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының қалай жүзеге асырылып жатқандығы қызықтырды.
Атасу кентінде осы бағыт бойынша 10 жоба жүзеге асырылуда. Тізімге коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымның алты нысаны мен әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның екі жобасы енгізілді. Екі балабақша, тазарту құрылыстары, қазандықтар, жылу трассалары, көше жарықтары және аудан орталығының жеті көшесіндегі жолдар жөнделетін болады.
- Аталмыш жобаларды жүзеге асыру барысында 85 жұмыс орны ашылады. Жұмыстар барлық нысандарда басталды. Бақылау қатаң болуы керек. Жұмыстың әрбір кезеңі мен материалдардың сапасы ерекше назар аударуды талап етеді, - деді Серік Шайдаров.
Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандарды аралап, мердігерлердің есебін тыңдады. Ол арнайы жобаны жүзеге асыру барысына көңілі толатынын айтты. Ауданда үнемделген қаражатқа қосымша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бар.
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қойды, деп атап өтті ол. Ол үшін Үкімет «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын әзірледі. Облыстарда өсу және тұрақты даму нүктелері болуы тиіс әлеуеті жоғары ауылдар анықталды. Оларды жаңғырту өңірлік стандарттар бойынша жүргізіледі.
Инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамыту бойынша 26 жоба үш аудан орталығында - Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Нұра ауданының Нұра кентінде, Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында іске асырылады.
 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы