• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Аудан жаңалықтары

Индустриялық сертификат не үшін қажет және оны қалай алуға болады


Қарағандылық өндірушілер индустриялық сертификаттар рәсімдей бастады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, бүгінде 6 кәсіпорын өтінім берді. Негізінен ол жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары. Біріншісі - машина жасау кәсіпорны мен бекіту арматурасын шығаратын зауыт.
Индустриалды сертификатты қалай алуға болады және бұл құжат қандай артықшылықтар беретін жайлы Кәсіпкерлер палатасында айтып берді.
- 1 шілдеден бастап индустриялық сертификат мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін міндетті болады. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне тиісті өзгерістерді енгізді. Ең алдымен бұл жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты. Өзгерістерге сәйкес, «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алуға тек білікті жеткізушілер тізіліміне енгізілген өндірушілер ғана қатыса алады. Тізімге тек индустриалды сертификат арқылы ғана ілігуге болады, - деп түсіндірді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов. – 1 шілде жақындап қалды, сондықтан асығуға тура келеді. Біз қазір кәсіпкерлермен кездесіп, барлығын түсіндірудеміз. Және қажетті көмекті барлығын көрсетеміз.
Индустриялық сертификаттар ҚР «Атамекен» ҰКП береді. Өтінім және барлық қажетті құжаттар электрондық түрде беріледі.
Бірінші қадам - сайтта ЭЦҚ көмегімен doc24.kz сайтына тіркелу қажет. Бұдан әрі жеке кабинетке өтініш пен электрондық құжаттар пакетін жіберу керек.
Өтінім өңірлік кәсіпкерлер палатасына өңдеуге түседі.
Тағы бір қойылатын міндеті талап - салалық сарапшымен келісімшартқа отыру, ол қорытынды беру үшін келіп, талдау өткізуі тиіс.
Сарапшы қорытындысынан кейін кәсіпорынға өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өндірісті және құжаттаманы тексеру үшін келеді. Комиссия негізінен салық есептілігін, қауіпсіздік техникасының сақталуын тексереді.
Индустриялық сертификат электронды түрде тегін беріледі. Осыдан кейін кәсіпорын автоматты түрде отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің тізіліміне енгізіледі.
Мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсаттан басқа Индустриялық сертификат кәсіпкерлерге басқа да артықшылықтар береді. Ол: «Самұрық-Қазына» холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне енгізу; «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жинаған балдарға 20% есептеу; отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сыртқы нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу.
Индустриялық сертификатты беру ережесі мен рәсімі туралы толығырақ «Атамекен» ҰКП сайтынан (http://atameken.kz/ru/pages/886-industrial-naya-sertifikaciya) білуге болады.
Сұрақтармен Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (7212) 503-640. Мекенжайы: Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, бизнес-орталық, 2 қабат (211 кабинет).

 


Вернуться к списку новостей

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы