• left
  • left
  • left
  • left

Әкім аппараты ақпараттандырады:

Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының 2015- 2017 жж. «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ-сіндегі іс – шаралардың орындалуы туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының 2015- 2017 жж. «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ-сіндегі іс – шаралардың орындалуы туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының 2015- 2025жж. жемқорлыққа және Қарағанды қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының 2015- 2017 жж. аудан әкімінің аппаратыме өңделген, аудан әкімінің қаулысымен бекітілген 26.08.2015 жылы №43-ө және Қазақстан Республикасының 2015- 2025жж. коррупцияға және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының идаралық жоспары жүзеге асуда.

Жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша аудан әкімінің аппараты келесідей жұмыс атқаруда:

Аудан әкімі аппаратының сайтында жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты бөлім, сонымен қатар тұрғындардың түрлі ұсыныстары мен шағымдарын қарастыру мақсатында осы мәселеге қатысты арнайы блог жүргізуге мүмкіндік берілді.

Бюджет қаражатын қатаң түрде заңға сай мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік бағдарламаларға оңтайлы, тиімді, мақсатты жұмсалуына қадағалау жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратында 2 бағдарлама жүзеге асады: «Елді мекендерде тазалық сақтау» және «Елді мекендерді абаттандыру мен жасылдандыру».

Мемлекеттік сатып алулардың ашық болуы мақсатында, мемлекеттік сатып алулар электронды түрде және конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық мекеменің төрағасы кіргізіледі ( төраға «Октябрь ауданының ардагерлер кеңесі»).

Аудан әкімі аппаратында бірінші басшының қабылдау кестесі жазылған ақпараттық стенд орналастырылған. Физикалық және заңды тұлғалардың үндеулері мен хаттары үшін пошта жәшігі орнатылған. Үздіксіз сенім телефондары жұмыс жасайды (458677), БАҚ-та берілетін барлық ақпарат түрлері ай сайын біздің ақпараттық стендімізде беріліп тұрады.

Аудан әкімі аппаратында ҚР 2015-2025 жж. жемқорлыққа қарсы стратегиясы және көлеңкелі экономикаға қарсы кітапшалар шығарылып, барлық аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне таратылды.

Мемлекеттік қызметкерлерді аудан әкімі аппаратына жұмысқа тарту ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», сонымен қатар «Жемқорлыққа қарсы» Заңдарында көрсетілген талаптар бойынша асырылады.

Әкім аппаратында құқықтық актілердің қолданып жүрген заң жинақтарымен сәйкестігі тексеріліп отырады. Ай сайын аудандық прокуратураға қабылданған құқықтық актілер туралы ақпарат жеткізіліп отырады.

Бақылау және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінде қабылданушылар мен келушілердің тізімі еңгізіліп, физикалық және заңды тұлғалардың жемқорлыққа қарсы келіп түскен ақпараттары мен фактілері қарастырылып және аталмыш мәселеге қатысты мемлекеттік қызметкерлердің көзқарастары жайында анализ жүргізіледі.

Ағымдағы жылда ауызша не жазбаша түрде құқық бұзушылыққа қатысты ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет», «Ар- намыс Кодексі» Заңдарын бұзғандары туралы әкім аппаратының қызметкерлеріне, аудандық мемлекеттік мекемелерге шағым келіп түскен жоқ.

Маусым сайын Аудан әкімінің аппаратында «Ашық есік күні» өткізіліп, тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік, коммуналдық сұрақтары бойынша кеңес өтеді.

Аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік – құқық бөлімінің қызметкерлеріне кестеге сәйкес жұмасына екі рет тұрғындарды құқықтық сұрақтарға байланысты қабылдау жүзеге асуда.

2016 жылға арналған жемқорлыққа қарсы іс- шараларының жоспары бақылауға алынған.

Мемлекеттік- құқық бөлімінің жетекшісі В.Г.Мунтян

© 2015 «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ
Әзірлеген және қолдаған : «Creatida» Интернет компаниясы